Жаңалықтар

Маңғыстауда екі адам жол апатынан қайтыс болды

Маңғыстауда екі адам жол апатынан қайтыс болды
Фото: Маңғыстау облыстық ПД 25.03.2024 12:21 368

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданындағы "Южный" автожолында 24 наурыз күні екі адам жол апаты кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы өңірдің полиция департаменті оқиғаның көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан тіркелгенін атады. 

«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, "Lexus" көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан  «Kia» көлігінің екі жолаушысы қайтыс болды, - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдері. 

Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға