Жаңалықтар

Маңғыстауда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізу жоспарланды

Маңғыстауда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізу жоспарланды
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 21.05.2024 00:34 449

Маңғыстауда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде  денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Сол себепті, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңы аясында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, басшысы  Нұрсұлу Мұхамбетиярова мәлімдеді. 

Нұрсұлу Мұхамбетярованың айтуынша, Қазақстанда тауарларды қадағалау үшін таңбалауды енгізу  жоспарланған. Бұл әдісті атаулы  жоспар аясында ағымдағы жылдың 1  шілдеден бастап  енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, мұның негізгі мақсаты - көлеңкелі нарыққа тосқауыл болу, дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымы мен контрафактілігінің алдын алу, адал бизнес үшін жағдай жасау. Ең бастысы, өндірілетін және әкелінетін өнімнің сапасын арттыру және салықтар түрінде бюджетке кірістердің жиналуын арттыру.  

Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектердің қалдықтары мен қадағалануы туралы нақты ақпараттың болмауы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландырудың негізгі проблемасы болып табылады. Ал, таңбаланған фармацевтикалық тауарлардың айналымына қатысатындар- өндірушілер, көтерме компаниялар, дистрибьюторлармен қоса, дәріханалар,  медициналық ұйымдар және пациенттер,- деді Нұрсұлу Мұхамбетярова.

Сонымен қатар, бүгінгі күні медициналық ұйымдарда ақпараттың сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етпейтін дәрі-дәрмектің саны өсуде. Соған байланысты, ағымдағы шығынын қолмен енгізу арқылы қалдықтар туралы есептер жасайды. Барлық дәрілік заттар 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті таңбалануға жатады. Осы тұрғыда, Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Александр Завалишин өз пікірін білдірді.

Маңғыстау облысында нақты  5 көтерме сауда қоймасы бар. Сондай-ақ 320 дәріхана қызмет етеді. Ал, таңбалауға дайындық білдірген  223 дәріхана ,  ортақ көрсеткіштің  69.5 %-ын құрайды. Ал, қоймалардың дайындығы 100% құрайды. Дәрілік заттарды сату үшін  кассалық машина (БКМ) болуы қажет. Бұл ретте бақылау-касса машиналарының міндетті болуы таңбалауға байланысты емес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы нөмірі 208-бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.  Сондай-ақ, қазіргі уақытта таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан алу мүмкіндігі FreedomBank және HalykBank сияқты бірқатар екінші деңгейлі банктердің төлем терминалдарында қолжетімді. Бақылау функциясынан басқа, арнайы қосымша жүзеге асты. Ол тегін «NaqtyOnim» қосымшасын пайдаланатын таңбалау жүйесі тұтынушыларға өнімнің дәріхана сөрелеріне баратын жолын, сатып алынған дәрінің Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті рұқсат етілген бағаға сәйкес келетінін білуге мүмкіндік береді. Өтініш арқылы шағым беру мүмкіндігі қарастырылған, - деді Александр Завалишин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға