Жаңалықтар

Маңғыстауда 200 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстауда 200 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді
Фото: Polisia.kz 21.04.2023 16:15 914

“Бекіре” ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері 17 сәуір күні сағат 22:35 шамасында Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан “Kazpost” ғимаратынан 25 дана заңсыз ауланған, салмағы 165 келіден асатын бекіре тұқымдас балықты анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Ақтау тұрғынының автокөлігінің жүк салғышынан 30,5 келі бекіре балығы табылды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 42 және 25 жастағы күдіктілердің жеке басы анықталып, ұсталды.

Тәркіленген балық "Kazakh Ossetr" ЖШС мекемесіне тапсырылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша СДТБТ-де тіркелді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға