Маңғыстау тұрғынынан шамамен 50 келі бекіре балығы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі күн бұрын кешкі сағат 20:35 шамасында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ЖҚАЖ және патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен бірлесіп "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 39 шақырымында Mazda автокөлігі тоқтатылған.
Полицейлер он дана бекіре балығын тәркіледі. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 45 келі 650 грамды құрап отыр.
Полиция қызметкерлері 34 жастағы азаматтың ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Маңғыстау тұрғыны ірі көлемдегі бекіре балығымен ұсталды
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады