Жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы туристік маусымды ресейліктер бастады

Маңғыстау облысындағы туристік маусымды ресейліктер бастады
Фото: Маңғыстау облысының туризм басқармасы 01.05.2023 09:40 714

Екатеринбург - Ақтау бағытындағы әуе рейсімен 120-ға жуық демалушы Маңғыстау облысына келді. Олардың аймаққа сапары арқылы өңірдегі жазғы туристік маусым басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев шетелдік демалушыларды қабылдау бойынша Ақтаудағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілп жатқанын атады. 

Биылғы жылдың маусым-тамыз айларына арналған туристік пакеттер сатылды. Қазір Ақтаудың басқа қонақ үйлерімен шетелден туристерді қабылдау бойынша келіссөздер жүргізілңп жатыр. Бұл ретте, қонақүйлерде тиісті инфрақұрылым, олар ұсына алатын қызметтердің туристік пакеті болуы тиіс, - деді Мәулен Ғабдулқалиев. 

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында табиғи және тарихи-мәдени орындарына ұсынылатын экскурсиялар ауқымы барынша кеңейтілген. Сонымен қатар, маршруттар туристік орындарды анықтап біле алатындай етіп жасалған.   

Алдағы 2-3 жылда қонақтарды қазақ халқының мәдениетімен, тұрмысымен және қонақтарды қабылдау сервисімен таныстыратын экскурсиялық маршруттардан, этно-ауылдардан өту жолында туристер үшін тағы үш визит-орталық салу жоспарланып отыр, - деді Мәулен Ғабдулқалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға