Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жаңа туған нәрестені саудалаған екі әйел ұсталды

Маңғыстау облысында жаңа туған нәрестені саудалаған екі әйел ұсталды
Фото: Маңғыстау облыстық ПД 08.05.2023 14:20 685

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақшалай қаражат алған 35 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылдың басында Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау дерегі бойынша жедел ақпарат келіп түскен. 4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция сәби саудасымен айланысқандардың жолына тосқауыл қойды. 

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деді МО ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға