Жаңалықтар

Маңғыстау облысы азық-түлік қымбаттауы бойынша көш бастап тұр

Маңғыстау облысы азық-түлік қымбаттауы бойынша көш бастап тұр
Фото: sn.kz 07.02.2023 11:35 713

ҚР Премьер министрі Әлихан Смайлов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтан өңірдегі азық-түліктің 11 түрінен баға өсуіне байланысты жағдайды қалай реттейтінін сұрады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ресми статистикалық деректер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының соңғы апталық баға индексі 100,5% құрады. Ал жыл басынан бері баға индексі 100,4% құрады.

«Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019-2022 жылдары 4,9 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде айналым механизмі бойынша 3 млрд 688 млн және тұрақтандыру қорына 1 млрд 245 млн бөілнді. Ағымдағы жылы бюджеттен қосымша 500 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрақтандыру қоры және айналым механизмі аясында 8,3 мың тоннаны құрайтын 17 түрлі тауардың ұйымдастыруға жұмсалуда. Соның ішінде маусым аралық кезеңдерде көкөніс бағасын тежеу мақсатында айналым схемасы аясында кәсіпкерлік субьектілеріне 3638 тонна көкөніс өнімдерін алуға 583 млн теңге қаржы берілді. Яғни, кәсіпкерлер белгіленген бағадан сатуға мінеттеледі», - деді ол.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жыл басынан бері өңірлік тұрақтандыру қорларында сақтаулы тұрған тауарларды сауда желілеріне интермеция жасалып жатқанын атап өтті.

«Маңызды орын алатын факторлардың бірі өнімнің тұтынушыларға жеткенген дейінгі аралықтағы делдалдар. Осыған орай, сауда тізбегінің делдалдық схемаларын тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялық отырыс аптасына екі рет өткізіледі. Жыл басынан бері 9 отырыс өткізілді. Нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуде және сатуды жүзеге асыратын 3 кәсіпкер үстемақысын 15 % дан асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталған комиссия отырысының соңғы аптадағы нәтижесіне сәйкес 4 кәсіпкерлік субьектісінің үстемақысы 15%-дан асырылғаны анықталып, қазіргі таңда іс-шаралар жүргізілуде», - деді Нұрлан Ноғаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға