Жаңалықтар

"Маңдайынан атыңыз". Рамзан Қадыров тәртіпсіздік жасағандарды атуға рұқсат берді

"Маңдайынан атыңыз". Рамзан Қадыров тәртіпсіздік жасағандарды атуға рұқсат берді
Фото: © РИА Новости 31.10.2023 15:33 4163

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров қауіпсіздік күштеріне рұқсат етілмеген митингіге қатысушылардың басына оқ атуға рұқсат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рамзан Қадыров көршілес Дағыстандағы антисемиттік оқиғаларға байланысты үкіметте өткен кеңес барысында ІІМ және ресейлік гвардия өкілдеріне бұйрық берді.

Егер бізде рұқсат етілмеген тәртіпсіздіктерге бір адам шықса, оны ұстап алып, отырғызыңыз. Аспанға үш рет атып, ескерту жасаңыз, содан кейін, егер адам заң талаптарын орындамаса төртінші рет оның маңдайынан атыңыз. Енді шықпайды. Бұл менің бұйрығым, - деді Шешенстан басшысы.

Бұған дейін Қадыров рейстің Израильден келуіне байланысты Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктерді айыптаған болатын.

Айта кетейік, Ресейдің Солтүстік Кавказында Палестинаны жақтайтын топ Махачкала әуежайына басып кірді. Жиналғандардың кейбіреуі қолдарына Палестина туын ұстап барған. Олар Тель-Авивтен келген ұшақтан израильдік азаматтарды іздеп, осы рейстен шыққан жолаушылардың төлқұжаттарын тексерген. Наразы топ әуежай қызметкерлерінен «израильдік босқындарды» қайда жасырғанын тауып беруді талап етіп, есіктерді сындырған. Осы оқиғадан соң әуежай бір аптаға жабылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға