Жаңалықтар

«Манчестер Сити» UEFA Суперкубогын иеленді

«Манчестер Сити» UEFA Суперкубогын иеленді
Фото: instagram.com/mancity 17.08.2023 04:28 568

Англияның «Манчестер Сити» командасы футболдан 2023 жылғы UEFA Суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу ағылшындық клубтың басымдығымен өтті. Ойын басынан тізгінді өз қолына алып, қарсылас команда қақпасы маңында жиі шабуыл жасады. Негізінен қорғаныста жүрген испаниялық қарымта шабуылды ұмытқан жоқ.

Осындай сәттердің бірінде 25-минутта «Севилья» сапынан Юссеф Эн-Несири көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Өз қақпасына гол жіберіп алған «Манчестер Сити» алға қарай ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде олардың таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Екінші кезеңде де ойын барысы дәл осындай көріністе болды. Шабуыл шебінде негізінен «Манчестер Сити» бой көрсетті. Ойынның 63-минутта олардың қатарынан Круп Палмер өзіне берілген мүмкіндікті құр жібермеді.

Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында «Манчестер Ситидің» жеңіске жетті.

Осылайша, өз тарихында тұңғыш мәрте суперкубокққа қол жеткізді.

Айта кетерлігі, суперкубок финалына «Манчестер Сити» тұңғыш мәрте қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға