Жаңалықтар

"Манчестер Сити" чемпиондар лигасының финалында жеңімпаз атанды

"Манчестер Сити" чемпиондар лигасының финалында жеңімпаз атанды
Фото: Спорт-Экспресс 11.06.2023 09:48 499

 «Манчестер Сити» футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жеімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ағылшын футбол клубыны аталған турнирді алғаш рет жеңіп отыр. Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Олимпиада стадионында өткен кездесуде «Манчестер Сити» және «Интер» командалары кездескен болатын. 

Ойын барысында қос команда үздіксіз шабуылдағанымен, алғашқы таймда есеп ашылмады. 

 Екінші таймда «Манчестер Сити» шабуылды үдетіп,  68-минутта Родриго Эрнандес "Интер" қақпасынан саңылау тапты. 

Осыдан кейін 90 минут аяқталғанша таблодағы есеп өзгемеді. Интерліктерде қанша мүмкіндік болғанымен гол соғудың реті келмеді.  

Айтат кететін жайт, "Манчестер Сити" 2021 жылы Чемпиондар лигасының финалыан шығып, "Челсиден" ұтылған болатын. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға