Мамырдың соңғы күндері: Астана мен Шымкентте аптап, Алматыда жаңбыр

 Patrick Daxenbichler| Shutterstock
Фото: Patrick Daxenbichler| Shutterstock

«Қазгидромет» мамыр айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана

29 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12 °C, күндіз +26+28 °C.

30 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16 °C, күндіз +30+32 °C.

31 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20 °C, күндіз +31+33 °C.

Алматы

29 мамыр: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желі 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15 °C, күндіз +27+29 °C.

30 мамыр: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17 °C, күндіз +28+30 °C.

31 мамыр: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19 °C, күндіз +30+32 °C.

Шымкент

29 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15 °C, күндіз +30+32 °C.

30 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18 °C, күндіз +32+34 °C.

31 мамыр: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22 °C, күндіз +35+37 °C.

Оқи отырыңыз