Жаңалықтар

Мамыр айында қанша күн демалыс беріледі?

Мамыр айында қанша күн демалыс беріледі?
Фото: ©El.kz 05.04.2024 17:50 397

Мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"ҚР-дағы мерекелер туралы" Заңның 3-бабына сәйкес 2024 жылы мамырда қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:

  • Қазақстан халықтарының бірлігі күні - 1 мамыр (сәрсенбі);
  • Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр (сейсенбі);
  • Жеңіс күні - 9 мамыр (бейсенбі);

Осылайша, қазақстандықтар:

Бес күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: 1 мамыр демалыс, 2, 3 мамыр жұмыс күні, 4 және 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс күні, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс күні, 9 мамыр демалыс, 10 мамыр жұмыс күні, 11 және 12 мамыр кезекті демалыс күндері.

Алты күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: 1 мамыр демалыс, 2, 3, 4 мамыр жұмыс күндері, 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс күні, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс күні, 9 мамыр демалыс, 10 және 11 мамыр жұмыс күндер, 12 мамыр демалыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға