Жаңалықтар

МӘМС-ке тіркелмеген қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салынуы мүмкін

МӘМС-ке тіркелмеген қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салынуы мүмкін
Фото: t.me/KZgovernment 09.10.2023 17:07 1399

МӘМС-ке сақтандырылмаған қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы мәжілістің үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда қаржы жүйесі актуарлық есептеулерге сәйкес өсіп келе жатқан шығыстарды еңсере алмағандықтан, Қор өз міндеттемелерін болашақта толық орындай алмайды деп болжап отыр, - деді министр.

Министр жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажетті шарттарды ескеру қажет екеніне тоқталды.

1) 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырады. Сол арқылы  сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адам МӘМС жүйесіне енгізу көзделген;

2) табысы төмен, ауылдық жерлерде тұратын шамамен  1,5 миллион адам бюджеттік қаражат арқылы сақтандырылады. 2026 жылға қарай халықтың кемінде 95 %-ын қамту;

3) мемлекет пен жұмыс берушілердің жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру;

4) сонымен бірге қазіргі таңда 700 мың теңгеден жоғары жалақы алатын азаматтардың МӘМС жүйесіне аударымдары шектелген. Сондықтан  жұмыс берушілердің аударымдарын есептеу үшін жоғарғы шегін (10 ең төменгі жалақы) алып тастау ұсынылады;

5) бұдан басқа сақтандырылмаған тұлғаларға денсаулық пен байланысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде шектеулер енгізу ұсынылады. Мысалы, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және тағы басқалар;

6) бюджеттік қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайту.

Осы шарттарды орындаған кезде Қордың орнықтылығы сақталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға