Жаңалықтар

МӘМС: Аймағамбетов өңірдегі халықтың уақытылы сапалы қызмет ала алмай отырғанын айтты

МӘМС: Аймағамбетов өңірдегі халықтың уақытылы сапалы қызмет ала алмай отырғанын айтты
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 02.09.2024 14:19 363

Еңбек демалысынан соң өңірлерді аралаған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов экономиканың жағдайы бойынша бірқатар мәселелер барын айтып, солардың бірқатарына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттың сөзінше, өңірлерді баға мәселесі тұрақталмай тұр. Сонымен қатар МӘМС бойынша да жағдай қызу талқыға түсті. 

Былтырғы жылы да, биыл да өңірлерді аралап, ахуалмен таныстық. Өткір мәселелер көтерілді. Өңірлерде бірінші кезекте – баға мәселесі, МӘМС мәселесі қатты көтеріліп жатыр. Азаматтарымыз ай сайын жалақысынан жарна төлейді. Бірақ жарна бойынша уақытылы сапалы қызмет ала алмай отыр. Тіпті азаматтар балаларын ақылы негізде емхана апаруға мәжбүр. Баға, МӘМС, экономиканың жағдайы бойынша да мәселе көп. Сондықтан әрине, күн тәртібінде қандай мәселелер болды, соның барлығы қызу талқыланып жатыр. Бұл мәселелер бірден шешілетін мәселе емес, сондықтан экономиканың жағдайына байланысты, - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын арнады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға