Жаңалықтар

МӘМС: 2024 жылы алматылықтарға 159,6 млрд теңге бөлінді

МӘМС: 2024 жылы алматылықтарға 159,6 млрд теңге бөлінді
Фото: Медициналық сақтандыру қоры 20.06.2024 20:14 367

Медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау ардагерлерімен және сарапшыларымен жүйені дамыту тетіктерін талқылап, қаладағы медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қор мәліметінше, басқарма төрағасы денсаулық сақтау сарапшыларымен және ардагерлерімен кездесу барысында 2024-2025 жылдарға арналған қорды дамытудың перспективалық жоспарын таныстырды. Онда МӘМС тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықты жүйеге тартуды күшейту, медициналық қызметтер мониторингі сапасын арттыру, цифрландыру, азаматтардың хабардар болуын және қордың ашықтық дәрежесін көтеру, сондай-ақ институционалдық бастамалар бойынша жүйелі шаралар ұсынылды.

Өз кезегінде сала сарапшылары дәрігерлердің жүктемесін ескеріп, медицина қызметкерлерін компьютерлік жұмыстан босату бойынша, жеке медициналық орталықтар бас тартатын ауыр науқастарды қабылдауға мәжбүр болған мемлекеттік ауруханаларды қолдауға, жеткізушілер арасында қаражат бөлу тәсілдерін қарастыруға қатысты өз ұсыныстарын айтты. 

Ізінше қаланың медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Онда уақтылы қаржыландыру және бірлесіп орындаушылармен қарым-қатынас жайы талқыланды.

2024 жылы алматылықтарға медициналық көмек көрсетуге 334,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде МӘМС бойынша – 159,6 млрд теңге, ТМККК шеңберінде – 175,1 млрд теңге. Жыл басынан бері төлем процестерін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және халыққа үздіксіз медициналық көмек көрсету қажеттілігін ескере отырып, біз аванстауды жылдық бюджеттің 30-дан 70%-ға дейін арттыру жөнінде бұрын-соңды болмаған шешім қабылдадық. Қазір ақпан мен наурыздағы қызметтерге ақы төлеу процесі жүріп жатыр, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Сондай-ақ қор басшысы медициналық көмек жеткізушілеріне қорда биылғы наурыз айынан бастап ауқымды деректерді жедел талдау және басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдау үшін құрылған Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысын көрсетті. Оған 18 дерекқордың 500-ге жуық көрсеткіші 1000-нан астам дашбордта – жеткізушілер мен жасалған шарттар, көрсетілген қызметтер көлемі, мониторинг қорытындылары мен шағымдар саны, тіркелген халық және МӘМС жүйесімен қамту деңгейі туралы және т.б. кірді. Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысы қаржыландыру кезеңдері процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар консультативтік-диагностикалық қызметтерді алу кезінде пациенттің бағытын талқылады. Талдау көрсеткендей олардың көпшілігі бірлесіп орындайды, ал медициналық ұйым өзінің тіркелген халқын жергілікті медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге тырысуы керек.

Кездесулер барысында Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы сындарлы және тығыз диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Біз бағытымызды өзгертеміз. Айыптаудан аулақ болып, денсаулық сақтау жүйесіндегі процестерді жетілдіруге мүдделі серіктестер ретінде ынтымақтастықты ұсынамыз, - деді ол.

Шара барысында Қор басшысы №5 қалалық клиникалық ауруханаға бас сұғып, медициналық ұйымдар ішіндегі менеджмент мәселелеріне, пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына және жалпы пациенттермен кері байланысқа ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов қордың орталық аппаратының қызметкерлеріне жергілікті жерлердегі жағдаймен танысу үшін «Достар Мед» көпсалалы медициналық орталығына баруды тапсырды.

МӘМС жүйесіне қатысатын жеке клиникалар пациенттер алдындағы жауапкершіліктің жоғары деңгейін білуі тиіс және бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл ретте азаматтарымыз медициналық қызметтердің сапасына ең объективті баға беруі тиіс. Егер шағымдар болмаса және біздің отандастарымыз көрсетілген қызметтерге қанағаттанса, Қор тарапынан медициналық ұйымдарға да мәселе болмайтынын түсіну қажет, - деді Сқақов.

Бүгінде Алматыда қормен 215 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 124-і жекеменшік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға