Жаңалықтар

Мамандар жаңа дизайндағы теңгені қолданғанда мұқият болуға шақырды

Мамандар жаңа дизайндағы теңгені қолданғанда мұқият болуға шақырды
Фото: nationalbank.kz 03.02.2024 00:10 9880

Қаржылық мониторинг агенттігі криминалистикалық басқармасының мамандары айналымға шыққан жаңа дизайндағы теңгені қолдану кезінде абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, мұқият болмасаңыз жалған ақша жасаушылардың торына түсуіңіз ғажап емес. Ол үшін купюралардың ерекше белгілері мен қорғаныш элементтерін жетік білу керек.

Еске салсақ, бұған дейн жаңа дизайндағы 5000 теңгелік банкноталар айналымға шыққанын хабарлаған болатынбыз. Жаңа банкноталардың ерекшелігі қандай? Олардың арасынан жалған ақшаны қалай анықтау керек?  

Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы:

Түсі - қызыл-қызғылт сары. Банкнотаның бет жағында:

- көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы;

- ДНҚ спиралы және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;

- жәдігер-бүркіт фигурасы түріндегі безендіру белгіленген.

Банкнотаның сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:

  • «Қалқан» - құндылықтарды қорғау;
  • ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы; 
  • ортасындағы күн белгісі - өмірдің символы.

Банкнотаның сырт жағында қанаты жайылған жәдігер-бүркіттің бейнесі орналасқан. Банкнотаның ортасында Шарын каньонының ландшафты көрінісі орналасқан «шексіздік» қазақтың ою – өрнегінің фон-контуры бар.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға