Жаңалықтар

Малика Тұрсын Olympic hopes жарысының күміс жүлдесін жеңіп алды

Малика Тұрсын Olympic hopes жарысының күміс жүлдесін жеңіп алды
Фото: instagram.com/_malika.tursyn_ 12.09.2023 23:30 869

Польшаның Познань қаласында 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында каноэде есу жарысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

16 жастағы Малика Тұрсын 200 метр қашықтықта канадалық спортшы қыздан жарты секундқа артта қалып, OLYMPIC HOPES REGATTA жарыстарының күміс медалін жеңіп алды.

Мәре сызығын алғашқылардың бірі болып кесіп өткен кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Әрине, мен мәреге бірінші болып жеткім келді, бірақ сәл-пәл ғана жетпей қалды. Меңінше, бір сағаттан кейін ғана екінші орын алғанымды түсіндім. Шын мәнінде жаттығуға көп күш жұмсалды, бірақ "Жаттығуда қиын болса, ұрыста – оңай болады" деген сөз бекер айтылмаған ғой. Бірақ, мен қол сермеп бәрін тастағым келген кездер болды. Алайда, ата-аналар мен жаттықтырушылардың маған деген сенімі ең жақсы уәждеме болды. Бұл үшін оларға мың алғыс! - дейді Малика Тұрсын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

Енді Малика қателермен жұмыс істеу және Olympic HOPES REGATTA-да алтын медаль алу мақсатына жетуді жоспарлап отыр. Жас спортшы әлем чемпионатын жеңіп алуды армандайтынын жасырмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға