Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 08.05.2023 16:25 828

Ташкентте басталған әлем чемпионатында боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдеге ие болған М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығып, венгр боксшысы Иштван Сакомен жұдырықтасты. 

Бірінші раунд нәтижесі бойынша қазақстандық боксшыға төрт төреші жеңісті берді. Екінші кезеңде Махмұд қарқынды үдетіп, 5:0 есебімен алда тұрды. Жекпе-жек қорытындысында да төрешілер бірауыздан жеңісті Махмұд Сабырханға беріп, отандасымыз келесі кезеңге өтті.

8 мамыр күні кешкі сессияда Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай мен Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиев және Шохжахон Абдуллаевқа қарсы шығады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға