Жаңалықтар

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 02.12.2023 14:00 596

Бүгін елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бар.

Емтихан бүгін басталып, 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Шекті балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде онлайн-апелляция бере алады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламасына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант бөлінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға