Жаңалықтар

Магистратура грантын жеңіп алғандардың тізімі жарияланды

Магистратура грантын жеңіп алғандардың тізімі жарияланды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.08.2023 16:17 778

Магистратураға мемлекеттік білім грантын жеңіп алған талапкерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Грант тізімімен мына сілтемеде таныса аласыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға