Жаңалықтар

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінген.
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: ult.kz/ 24.08.2022 01:24 1491

Ұлттық тестілеу орталығы магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Биыл магистратураға түсу конкурсында грант жеңіп алған үміткерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталған.

Өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты.

Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға