Жаңалықтар

Магистратураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Магистратураға түсуге өтініш қабылдау басталды
10.06.2022 14:57 27924

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тіркеу білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында 15 шілдеге дейін жүргізіледі. Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпаратты үміткер жеке кабинетінен алады. Ал, кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының мамандығына сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады.

Кешенді тестілеу электрон форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады: шет тілі, оқуға дайындықты анықтау және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Оған 4 сағат беріледі. Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады, — деп түсіндірді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға – 50 балл. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелляцияға бере алады.




Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға