Жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова тасқын судан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударды

Мәдина Сәдуақасова тасқын судан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударды
Фото: Видеодан кадр 08.04.2024 10:30 2893

Танымал әнші Мәдина Садуақасова тасқын судан зардап шеккендерге 1 млн теңге қаржылай көмек берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші өзінің әрі қарай да көмек беруін жалғастыратынын айтты.

Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтарға мың алғыс!  Гуманитарлық пен қаржылай көмек көрсетіп жандарға Алла разы болсын! Біздің отбасы да өз үлесін қосып,Каспи банк арқылы 1.000.000 т  аудардық.! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын. Аллам Қазақстанның әр өңірін табиғи апатынан сақтасын! - деп жазды әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға