Жаңалықтар

Мәдениетті адам - мәдениетті қоғам кепілі

Мәдениетті адам - мәдениетті қоғам кепілі
Фото: Асқар Молдабектің әлеуметтік желідегі парақшасынан 23.03.2023 11:54 1014

Шымкенттегі штаб мүшелері сайлау уақытында жабыстырылған плакаттарды тазалау жұмыстарымен айналасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.



"Сайлау уақытында жабыстырылған плакаттар қаламыздың көркін бұзып, қоқысқа айналдырғаны рас. Бүгін таңертеңнен кешке дейін штаб мүшелері округ аумағында үгіт-насихат кезінде жабыстырылған постерлер мен плакаттарды тазалау жұмыстарымен айналысты,"деп жазды Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Молдабек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол мәдениет пен тазалық туралы айтар кезде бірінші өзімізден бастауымыз керектігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға