Жаңалықтар

Мәдениет министрі Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрға барды

Мәдениет министрі Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрға барды
Фото: gov.kz 04.03.2023 13:43 643
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Шығармашылық ұжыммен - қоюшы режиссерлермен, актерлермен, музыканттармен кездестім. Биыл 30 жылдық тарихы бар театрда бірден 8 премьера сахналанады. Дайындалып жатқан спектакльдердің көпшілігі отандық авторлардың туындылары екені қуантады. Сонымен қатар әртүрлі жанрлар тарихи драмалардан бастап, эксперименттік жұмыстарға дейін қамтылған. Елімізде театр өнерінің ертеден қалыптасқан дәстүрі мен бірқатар көрнекті қойылымдары бар. Жаңадан қойылатын спектакльдермен қатар классикалық туындылардың да жаңаша көзқараспан қайта сахналанып жатқаны құптарлық", - деп жазды министр желідегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, министрлік шығармашылық жұмыстарды жалғастыру бағытында, барынша жағдай жасайды. Бұл ретте, еліміздің барлық өңірлеріне бірдей назар аударалыады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға