Жаңалықтар

Мәжит Шәріпов Ұлттық атом компаниясының төрағасы қызметінен кетті

Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ сайтында жарияланды
Мәжит Шәріпов Ұлттық атом компаниясының төрағасы қызметінен кетті
Фото: azatomprom.kz 01.07.2022 13:36 1639

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы өкілеттігін тоқтататты, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ сайтында жарияланды.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов Компанияның Басқарма төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды. Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.

– Компаниядағы жеті жылдық жұмыс кезеңінде атом саласында мол кәсіби тәжірибесі бар Шәріпов мырза мықты көшбасшылық қасиеттерін және ұзақ мерзімді құндылықты құруға бағытталған компания стратегиясына бұлжымас адалдығын көрсетті, – деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу.

Компанияның Басқарма төрағасы ретінде өткен жылы Шәріпов мырзаның ядролық-отын цикліндегі тәжірибесі «Үлбі-ЖБҚ» өнеркәсіптік өндірісін, Қытайға жылу бөлетін құрамаларды жеткізетін Қазатомөнеркәсіптің жаңа зауытын пайдалануға сәтті енгізуде және іске қосуда негізгі рөл атқарды, оның басшылығымен АХҚО халықаралық алаңында өңірдегі алғашқы уран қоры іске қосылды.

– Үстіміздегі жылдың қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар кезінде үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз еткен Компанияның барлық өндірістік нысандарында қызметкерлердің қауіпсіздігі мәселелеріне басымдық берумен және әлеуметтік тұрақтылықты қолдаумен қатар, Шәріпов мырза Компанияны пандемиядан кейін қалпына келтіру кезеңінде және қазіргі геосаяси тәуекелдер мен белгісіздіктер жағдайында тиімді басқаруды қамтамасыз етті. Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасы Шәріпов мырзаға Компанияның дамуына қосқан үлесі және адал жұмысы үшін шын жүректен алғыс білдіреді және оған кейінгі бастамаларында барлық жақсылықты тілейді. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Шәріпов мырзаның бұл шешімін құрметтейді және «Самұрық-Қазына» АҚ мажоритарлық акционерімен бірлесіп, Басқарма төрағасы лауазымына –лайықты кандидатты іріктеу үшін бар күш-жігерін салады.Стратегиялық маңызды атом саласында Компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды,–  деді Шәріпов мырза.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға