Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев: Съезд – әлемді аландатқан мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

Бұл пандемиядан кейін өткізіліп отырған әлемдік діндер өкілдерінің алғашқы бас қосуы.
Мәулен Әшімбаев: Съезд – әлемді аландатқан мәселелерді шешуге мүмкіндік береді
Фото: Миражан Махан 13.09.2022 11:24 969

Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің ХХ хатшылығы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

«Съезд әлем үшін тарихи және бірегей оқиғаға айналды десек артық бола қоймас. Бұл пандемиядан кейін өткізіліп отырған әлемдік діндер өкілдерінің алғашқы бас қосуы. Пандемия кезінде бізге әлемдік қарым қатынас жетіспегені анық. Съезд - рухани көшбасшыларды тікелей сұхбат құруға, өркениет аралық диалогты нығайтуға және маңызды мәселелерді бірлесіп талқылауға әрі әлемді аландатқан өзекті мәселелерді шешуге үлкен мүмкіндік береді»,- деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ алдағы форум маңызды әрі табысты болатынына сенім білдірді.

«Пандемия теңдестірілген экономикалық және технологиялық даму және қоршаған ортаны сақтау, әлеуметтік гендерлік пен цифрлық теңсіздікті төмендету мәселелеріне қарауға мәжбүр етті. Мұндай жағдайда қарапайым азаматтар да, саяси лидерлер де рухани қолдауды талап етеді. Жаңа құндылық дүниетанымдық бағдарларды қажет етеді. Жаңа пандемиядан кейінгі әлемнің контурларының дамуының негізгі қағидаттарын, сызбасын діни және рухани көшбасшылардың қатысуынсыз талқылауға болмайды. Теңгерімді, үйлесімді және экологиялық таза әлем құру үшін саясаткерлер мен бизнесмендердің күш жігері жеткіліксіз. Бұл дүниетаным мен рухани вакумды жаңа мағыналармен толтыра алатын рухани көшбасшылар мен дін қайраткерлерінің жиыны өтіп отыр»,- деді Мәулен Әшімбаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға