Жаңалықтар

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарылды

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарылды
Фото: Ұлттық банк 29.09.2022 10:50 1393

Ұлттық Банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады, деп хабарлайды El.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша хабарланады.

Биыл 28 қыркүйекте қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды.

Номиналы 500 теңгелік монеталар:

- күміс монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2 000 дана.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарылды

 Номиналы 100 теңгелік монеталар:

- мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 000 дана.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарылды

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға