Жаңалықтар

Мүгедектік бойынша жәрдемақыны қалай рәсімдейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында сұрақтарға жауап беріледі
Мүгедектік бойынша жәрдемақыны қалай рәсімдейді?
Фото: baq.kz 24.08.2022 17:17 1300

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Байланыс орталығына мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеуге байланысты сұрақтар жиі келіп түседі, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                          

Клиенттерді АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшерінің өсімі, мүгедектік бойынша жәрдемақыдан ұстап қалу және тағы басқа сұрақтар қызықтырады.       

Өңірлерден ең көп сұрау Алматы (14%) және Нұр-Сұлтан (12%) қалаларынан келіп түседі. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында – 9 пайыз, Шымкентте – 8 пайыз, Алматы облысында – 7 пайыз және Атырау облысында – 6 пайыз. Ең аз өтініштер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан – 2 пайыз.                                                                

Клиенттерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Telegram, Instagram, Faceboоk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға