Жаңалықтар

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады

Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады.
Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады
Фото: inbusiness.kz 01.09.2022 11:19 964

Мемлекет басышысы бүгінгі халыққа жолдауында бұл өте өзекті мәселе екенін айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз.

Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек.

Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс», - деді Президент.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға