Астанадағы жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Барлығы №101–118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазіргі уақытта рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады.
Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Айтылған технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған.
Бұдан әрі төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформаларды орнату жұмыстары жүргізіледі.
LRT желісінде рельс төсеу аяқталды
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік