Жаңалықтар

Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» бейнебаяны көрсетілді

Жанкүйерлер фильмді көрсетуге басқа елдерден арнайы келген
Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» бейнебаяны көрсетілді
Фото: dimashnews.com 09.03.2023 03:10 1022

Лондонда Crystal Palace International Film Festival аясында «Бір аспан тарихы» бейнебаянының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz dimashnews.com cайтына сілтеме жасап.  

West Norwood Picturehouse залында өнер жанашырлары жиналды, олардың арасында Димаштың жанкүйерлері болды. Ұлыбританиядан, Ирландиядан және басқа елдерден Dears фильмді көрсетуге арнайы келген қонақтар да келген.

Көрермендер алғаш рет 2022 жылдың 24 қыркүйегінде Алматыда әртістің жанкүйерлерімен фан-кездесуінде «Бір аспан тарихы» туындысының бейнебаянын көрген болатын. Димаш Құдайберген режиссер Алина Верипяның 13 минуттық музыкалық фильмінде композитор, сценарий авторы және басты рөлді сомдады.

Фильмнің негізгі идеясы – ол балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын және жерін сақтау үшін бірігуге, бір-бірімізді ұлттық, әлеуметтік, діни принцип бойынша бөліп жаруды тоқтатуға шақырады, – деп бөлісті фильм режиссері Алина Верипя DimashNews редакциясына берген сұхбатында. 

Crystal Palace International Film Festival-да «Бір аспан тарихы» фильмі Fab Eclectic Mix / номинациясына ұсынылды.

Crystal Palace International Film Festival бүкіл әлем бойынша 10 000-нан астам кинофестивальдердің ішіндегі ең үздік 10-қа кіреді. 2009 жылы негізі қаланған кинофестиваль картиналарды мұқият таңдау арқылы тәуелсіз фильмдердің ең жақсысын ғана көрсетеді. Фестивальге қатысу фильмге белгілі бір сапа белгісін және үлкен аудиторияны көруге мүмкіндік береді. 

Бұл жобаның ең үлкен миссиясы-мен әлемде болып жатқан соғыстарды көргендегі өз сезімдерімді көрсеткім келеді. Мен, мұның барлығы не үшін екенін түсінбеймін… Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтеу, бір-бірімізді сүю қаншалықты маңызды екенін көрсетуге тырысуымыз керек. Мен үшін жаман ұлт жоқ. Біз бәріміз бір Құдайдың балаларымыз, – деді Димаш Құдайберген SOC Film Festival-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға