Жаңалықтар

Лицензиялық турнирге баратын таеквондошылар анықталды

Лицензиялық турнирге баратын таеквондошылар анықталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 01.03.2024 02:13 536

15-16 наурыз аралығында Қытай Халық Республикасының Тайань қаласында таеквондодан (WT) Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын Азия құрлығының іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құрама сапында Мария Севостьянова (-57 кг), Жансель Дениз (+67 кг), Самирхон Абабакиров (-58 кг) және Батырхан Төлеуғали (-80 кг) төрт жылдықтың басты бәсекесіне жолдама алуға тырысады.

Айта кетейік, барлығы Париж даянгында 7-10 тамыз аралығында Grand Palais кешенінде (Гран-Пале қазақша Үлкен сарай) 64 еркек, 64 әйел жүлдеге таласады.

Ерлер: -58 кг, 68 кг, -80 және +80 кг.

Әйелдер: -49 кг, -57 кг, -67 кг, +67 кг.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға