Жаңалықтар

Лионель Мессидің клубы қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Лионель Мессидің клубы қатарынан екінші рет жеңіске жетті
Фото: Instagram/intermiamicf 26.07.2023 11:30 726

АҚШ-тың «Интер Майами» клубы Лионель Мессидің көмегімен қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Лига кубогының екінші турында Флорида командасы «Атлантаны» ірі есеппен жеңді – 4:0.

Оқи отырыңыз:

Бұл матч Форт Лодердейлдегі (Майами, АҚШ) «ПНК Стэдиум» стадионында өтті. «Интер» капитаны ойынның 8-минутында есеп ашып, көп ұзамай екінші голды өз атына жазды. Бірінші тайм аяқталар тұста Лионельдің әріптесі Роберт Тэйлор есепті 3:0-ге жеткізді. Үзілістен соң аргентиналық Тэйлордың да дубль авторы атануына көмектесті.

Осылайша, «Атланта» мен «Крус Асульді» (2:1) жеңген «Интер Майами» Лига кубогының плей-офф кезеңіне шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға