Жаңалықтар

Лионель Месси «Жылдың үздік спортшысы» атағынан үміткер

Лионель Месси «Жылдың үздік спортшысы» атағынан үміткер
Фото: instagram.com/leomessi 24.06.2023 06:25 756

«Интер Майами» клубына ауысқан аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ESPN нұсқасы бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атағына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл сайын американдық ESPN ESPY Award марапаттау рәсімін өткізеді, онда әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады. Billboard мәліметтері бойынша, биыл 35 жастағы Месси ерлер арасында жылдың үздік спортшысы номинациясына ұсынылды.

Айта кету керек, өткен маусымда Месси ПСЖ-да өнер көрсетті. 41 матчта ол 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Месси Аргентина құрамасымен бірге 2022 жылы әлем чемпионы атанды және Катарда өткен турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға