Жаңалықтар

Лионель Месси жыл спортшысы атанды

Лионель Месси жыл спортшысы атанды
Фото: ©Reuters/Kai PFAEFFNBACH 22.12.2023 15:50 878

Америкалық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентинада жыл спортшысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

36 жастағы Месси тілшілердің дауыс беруі арқылы анықталатын «Алтын Олимпия-2023» сыйлығының иесі атанды.

Лео ерлер арасында жыл спортшысы атағын төртінші рет иеленіп, өзіндік рекорд атанды. Сонымен қатар ол жыл футболшысы атанып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Месси ПСЖ сапында Франция чемпионы атанып, жазда «Интер Майами» сапын толықтырды. Жаңа клубта аргентиналық 14 матчта 11 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Ал қазан айында Месси сегізінші рет «Алтын допты» иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға