Жаңалықтар

Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты

Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты
Фото: instagram.com/leomessi 11.08.2023 18:25 2874

Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси кезекті жетістікке қол жеткізді, El.kz ақпараттық агенттігі.

Transfermarkt мәліметінше, Месси 2007 жылдан бері (қатарынан 17 жыл бойы) бір жылда 20 голдан кем гол соқпайды және осы көрсеткіш бойынша жалғыз рекордшы болып табылады.

Бұған дейінгі рекорд "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналдуға тиесілі болатын. Ол 2006 мен 2021 жылдар аралығында (қатарынан 16 жыл бойы) жылына 20 голдан артық гол соғатын.

Айта кетейік, биылғы жазда Месси еркін агент ретінде "Интер Майами" сапын толықтырды. Жаңа клубтағы төрт матчта ол жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға