Жаңалықтар

Лионель Месси кезекті рекордын орнатты

Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес
Лионель  Месси кезекті рекордын орнатты
Фото: inform.kz 04.12.2022 17:10 997

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Л.Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанды.

Ол бұл кездесуде мергендік танытып, есеп ашты. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді.

Осылайша, Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес.

Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға