Жаңалықтар

Лионель Месси Аргентинаға оралды

Лионель Месси Аргентинаға оралды
Фото: Instagram/leomessi 06.09.2023 17:49 635

АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси отанына оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Футболшы Аргентина құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі матчқа қатысады.

Оқи отырыңыз:

Әлем чемпионының қарсыластары – Эквадор мен Боливия. Аргентинаның іріктеу ойындары 8 (өз алаңында Эквадорды қабылдайды) және 12 қыркүйекте (сырт алаңда Боливиямен ойнайды) өтеді.

Құраманың бас бапкері Лионель Скалони оқу-жаттығу жиындарына 32 ойыншыны шақырған, олардың арасында «Интер Майами» капитаны Лионель Месси де бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға