Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық балуандар жаппай жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі сында алғашқы болып татамиге шыққан спортшының бірі 73 келіде Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде өзбекстандық балуанға жол берді. Ал осы салмақта күрескен Қуан Барыс бірінші кездесуде фин спортшы Тұрпал Жукаевты жеңгенімен, екінші кезеңде венгриялық Даниэль Сегедиден айласын асыра алмады.
81 келіде ел чемпионы Мәди Амангелді де Даниярдың кебін киді. Ол алғашқы белдесуінде Нидерланд спортшысына қарсы қауқар танытпады. Бұл салмақта күрескен Азат Күмісбай ширек финалға дейін жетті. Алайда маңғыстаулық дзюдошы жартылай финалға шығар сында Аустрия балуаны Бернд Фашингке есе жіберсе, жұбаныш белдесуінде жапониялық Наото Изавадан мықты болмай шықты.
Ал әйелдер арасында 63 келіде Самалай Ерғалиева бірінші кездесуінде нидерландтық Джони Гейленнен жеңілді.
Линц Гран Приі: Қазақстан дзюдошылары екінші жарыс күнін қалай аяқтады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды