Жаңалықтар

Лингвистикалық комиссияның төрағаcы сайлады

Лингвистикалық комиссияның құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті ғалымдары енген.
Лингвистикалық комиссияның төрағаcы сайлады
08.10.2022 07:52 980

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу жөніндегі лингвистикалық комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ОСК сілтеме жасап.

Лингвистикалық комиссияның құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті ғалымдар: Ахметов Әділ Құрманжанұлы, Есім Гарифолла, Дәдебаев Жанқара Дәдебайұлы, Құрманбай Гүлтас Сайынқызы, Қамзабекұлы Дихан, Фазылжанова Анар Мұратқызы кіреді.

Отырыста комиссия мүшелері төраға мен хатшыны сайлады, жұмыс кестесін белгіледі, ұсыныстарды талқылады және Президенттікке кандидаттарға ұсынылатын лингвистикалық комиссияның тапсырмаларын үш бағыт бойынша бекітті: шығарма жазу, оқу, сөз сөйлеу. Сондай-ақ, басқа да бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға