Жаңалықтар

Әлихан Смайылов БАӘ-нің ірі басылымдарының біріне сұхбат берді

«Әл-Иттихад» - БАӘ-де араб тілінде күн сайын шығатын басылым
Әлихан Смайылов БАӘ-нің ірі басылымдарының біріне сұхбат берді
Фото: Үкімет 20.09.2022 13:41 1062

Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары аясында ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың «Әл-Иттихад» газетінде сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарына тоқталып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың өсу қарқыны туралы айтты.   

«Экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді мүмкіндіктердің барын көріп отырмыз және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға екі елдің іскер топтарын ынталандыруға ниеттіміз», – деді ол.   

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстанның ұлтаралық келісімді нығайту және COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарымен күрес жөніндегі қадамдары туралы айтып берді.   

«Әл-Иттихад» - БАӘ-де араб тілінде күн сайын шығатын басылым. Таралымы 100 000 данадан асады. Алғашқы саны 1969 жылы шыққан, ал 1972 жылдан бастап күн сайын жарық көреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға