Жаңалықтар

Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті
Ленин шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды
Фото: aikyn.kz 03.11.2022 14:52 1443

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz

Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі - екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға