Жаңалықтар

«Лада», «Жигулидің» соңғы маркасы»: Жаңаөзен әкімі қандай көлік мінетінін есіне түсіре алмады

«Лада», «Жигулидің» соңғы маркасы»: Жаңаөзен әкімі қандай көлік мінетінін есіне түсіре алмады
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі 31.08.2023 10:54 955

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында қандай көлік мінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілшінің «Жеке көлігіңіз бар ма, маркасы қандай?» деген сауалына әкім «Жигули» деп жауап қатты.

Ал «қандай Жигули?» деп нақтыланған сауалға:

Соңғы маркасы, - деді.

Шенеуніктің есіне қазір Жигулидің қазір шықпайтынын салған соң, ол жауабын «Лада» деп өзгертті.

Маркасы жайлы нақтыланған сауалға:

«Гранта» шығар», нақты есімде жоқ, - деді.

Қандай көлігі барын неліктен есіне түсіре алмағанын сұрағанда:

Мен Жаңаөзенде көлік мінбеймін. Көлігім Ақтауда. Балалар мінеді, - деп ақталуға тырысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға