Жаңалықтар

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарызы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарызы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі
Фото: gov.kz 10.10.2023 17:48 502

Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қарыздары туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі және қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары Ұлттық экономика министрлігімен келісіледі және бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік құжаттамаға қоса беріледі және Парламентке енгізіледі. Сіздер сонда оларды көруге, ақшаның қайда жұмсалатынын, қандай нәтижеге ұмтылу бар екенін түсіне алатын боласыздар. Біз «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы» ұғымын мемлекеттік басқару секторының борыштық міндеттемелерінің бөлігі ретінде енгіздік. Бұл әлемдік практикада квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы Үкіметтің субсидияарлық жауапкершілігі ретінде қаралуына байланысты, өйткені квазимемлекеттік сектор субъектілерін мемлекет құрады, - деді вице-министр.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы бойынша негізгі нормалар, оның анықтамасы, құрылымы, шектеулер, мониторинг және бақылау енгізілген.

Сондай-ақ біз квазимемлекеттік сектор субъектілерін өз қарыздары туралы ақпаратты жариялауға міндеттедік және қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейттік. Жалпы алғанда, қарыз алу бойынша біз барлық борыштық міндеттемелерді – мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты, экспортты қолдау бойынша кепілдіктерді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша міндеттемелерді, кепілгерліктерді және квазимемлекеттік сектор сбуъектілерінің борышын шоғырландыруды қамтамасыз еттік. Бұл оларды есепке алу және басқару үшін жасалды, - деді Әмрин.

Ол квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтік саясатын да бюджет кодексі реттейтінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға