Жаңалықтар

«Кувейт-Түркістан» рейсімен келген екі жолаушыдан діни мазмұндағы 53 кітап табылды

«Кувейт-Түркістан» рейсімен келген екі жолаушыдан діни мазмұндағы 53 кітап табылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.01.2024 17:58 482

Көлік полицейлері халықаралық рейстің екі жолаушысынан діни мазмұндағы 50-ден астам кітап тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Кувейт – Түркістан» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Түркістан облысының 34 және 66 жастағы тұрғындарын анықтады.

Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардан діни мазмұндағы 53 дана кітап тәркіленді.

Ер адамдарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі (діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге белгіленген талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданған.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға