Жаңалықтар

Күршім ауданында дала өрті кезінде 20 гектар аумақ отқа оранды

Күршім ауданында дала өрті кезінде 20 гектар аумақ отқа оранды
08.07.2023 18:17 862

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дала өрті тұтанып, 20 гектар аумақты жалын шарпыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 шілде күні сағат 11:00-де Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде 20 гектар аумақта таулы жерлерде өртенген шөп толығымен сөндірілді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрттің орын алуы қол жетпейтін қиын аймақта болғандықтан, оны сөндіру үшін жаяу жұмыс істеуге тура келгені мәлімдеді. Сол себепті өрт сөндіру жұмыстарын қиындық тудырған. Өрттің тарап кетпеуі үшін әр өсіп кеткен соқпақтардан өтіп, жердің әр бөлігін қарап бақылап отырды.

Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД, Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылғаны қосымша айтылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға