Жаңалықтар

Күрес түрлерінен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чепионаты өтеді

Күрес түрлерінен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чепионаты өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.02.2024 21:52 584

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дүбірлі дода 28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Жарыс сол елде 21-27 қазан аралығында өтетін 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін басталады.

Жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына еркін күрестен 61, 70, 79 және 92, әйелдер күресінен 55, 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесі енгізілмеген. Сондай-ақ, Олимпиадада грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар жарысқа қатыса алмайды.

Мұндай әлем чемпионаты ең алғаш рет 2016 жылы өткен болатын. Будапеште өткен сында еркін күрестен отандасымыз Нұрлан Бекжанов 70 келіде күміспен күптелсе, әйелдер арасында Айым Әбділдина 55 келіде қола медальға қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға