Күн сайын жүздеген сөз жоғалады: адамдар сөйлесуді ұмытып қалмай ма?

 ЖИ (ChatGPT)
Фото: ЖИ (ChatGPT)

Соңғы жылдары адамдардың бір-бірімен сөйлесу дағдысы айтарлықтай өзгеріп барады. Жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, біз бұрынғыға қарағанда күн сайын жүздеген сөзді аз айтатын болғанбыз. Бұл үрдіс алғашында байқалмайды, бірақ уақыт өте келе күнделікті қарым-қатынасқа әсер ете бастайды.

Perspectives on Psychological Science журналында жарияланған деректерге сүйенсек, 2000 жылдардың ортасында бір адам орта есеппен күніне шамамен 16 мың сөз айтқан. Бұған жақындарымен әңгіме, көшедегі қысқа диалогтар, дүкендегі сөйлесулердің барлығын қосылған. Алайда кейінгі жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп төмендеген. 2019 жылға қарай бір тәуліктегі сөз саны 12,7 мыңға дейін азайған.

Алғаш қарағанда айырмашылық үлкен емес сияқты. Жыл сайын шамамен 300-ден сәл асатын сөзге ғана кемиді. Бірақ жылдар өте бұл айтарлықтай өзгеріске айналады. Яғни адамдар ондаған мың сөзді айтпайды, тиісінше көптеген қарапайым әрі маңызды әңгімелер де жоғалып барады.

ЖИ (ChatGPT)

Зерттеушілер мұның басты себептерінің бірі ретінде технологияның дамуын атайды. Бұрын сөйлесуді қажет ететін әрекеттер қазір сөзсіз-ақ жүзеге асады. Мәселен, тамаққа тапсырыс беру, сатып алу, тіпті сұрақтарға жауап табу – барлығы қосымшалар мен интернет арқылы орындалады.

Әлеуметтік желілер де бұл үрдісті күшейтіп отыр. Қарым-қатынас мүлде жойылған жоқ, бірақ оның форматы өзгерді. Көп жағдайда адамдар қысқа мәтіндермен, хабарламалармен шектеледі. Ал мұндай байланыс түрі тірі сөйлесудің орнын толық баса алмайды.

Зерттеу нәтижесі бұл өзгерістің ең алдымен жастар арасында айқын байқалатынын көрсетті. 25 жасқа дейінгі адамдардың сөйлесу уақыты үлкен буынмен салыстырғанда әлдеқайда азайып кеткен.

Дегенмен бұл үрдіс барлық елде бірдей емес. Зерттеу негізінен Батыс елдерінің деректеріне сүйенген. Ал ұжымдық қарым-қатынасқа мән беретін қоғамдарда бетпе-бет сөйлесу мәдениеті әлі де сақталып отыр.

ЖИ (ChatGPT)

Мамандардың айтуынша, әңгіме – тек ақпарат алмасу құралы емес. Онда дауыс ырғағы, эмоция, реакция бар. Дәл осы элементтер адамдар арасындағы байланысты нығайтады. Ал мәтін арқылы мұның бәрін жеткізу қиын.

Сөйлесудің азаюы қандай салдарға әкелетіні әлі нақты зерттелген жоқ. Дегенмен ғалымдар бұл үрдіс жалғыздық сезімін күшейтуі мүмкін екенін айтады. Тіпті күн сайын бірнеше жүз сөзге ғана көбейген көзбе-көз әңгіме адамның көңіл күйіне оң әсер етуі ықтимал.

Оқи отырыңыз