«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Орталықтың мәліметінше, оңтүстікте күн ысиды.
Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай облысының жекелеген аудандарында, 20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілде күндіз Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» орталығы.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.
Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз – елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа температурасы +20…+30°C, орталық және шығыс өңірлерде +22…+35°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+35°C болады.Тек елдің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен күн әлі де өте ыстық болып, ауа температурасы +30…+42°C шамасында сақталады, – деп жазылған хабарламада.
Астана:
Астанада 20 шілде күні +29 +31 градус жылы, күн бұлтанып, жаңбыр жауады. 21 шілдеде күн күркіреп жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +23 +25 градус жылы. 22 шілдеде күн бұлтанып, жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +14 +16 градус жылы.
Алматы:
Ал Алматыда 20 шілде күні +40 +42 градус жылы болады. 21 шілдеде күн бұлттанып, жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +35 +37 градус жылы. 22 шілдеде күн күркіреп, жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +28 +30 градус жылы болады.
Шымкент:
Шымкентте 20 шілдеде күн алабұлтты, күндіз +40 +42 градус жылы. 21 шілдеде күн күркіреп, жаңбыр жауады, күндіз ауа райы +32 +34 градус жылы. 22 шілдеде күн күркіреп, жаңбыр жауабы, термометр бағаны +30 +32 градусты көрсетеді.